«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Тәуелсіздік-еркін халықтың арманын жүзеге асыру

18.12.2019

Тәуелсіздік-еркін халықтың арманын жүзеге асыру

  13 желтоқсанда Федоров аудандық орталық кітапханада «Тәуелсіздік – еркін халықтың арманын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тәуелсіздік күні-бұл біздің мемлекетіміздің басты мерекесі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында ол мемлекеттік мереке болып жарияланды.   Міне, 28 жыл бойы Қазақстан тәуелсіздік тұғыры астында өмір сүруде. Дөңгелек үстелде мемлекетіміздің дамуы үшін тәуелсіздік алудың тарихы мен маңызы туралы әңгіме қозғалды.  Біздің мемлекетімізде қалыптасқан көпжылдық достық пен бейбітшілікті қадірлеу және өткен жылдары қол жеткізген ең жақсысын сақтау туралы Федоров ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Владимир Сергеевич Бочкарев, жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Даниил Михайлович Стаценко, тарихшы, «Өлкетанушы» клубының басшысы Валентина Иосифовна Романенко, Қоғамдық кеңестің төрағасы З. А. Шашкова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Х. Аслиев, ардагерлер кеңесінің мүшесі С. А. Налгиев өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара барысында «Тәуелсіздік – мемлекет негізі» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.   Мереке қарсаңында кітапхана фойесінде «Қазақстанның Тәуелсіздігі – тұрақтылық пен гүлдену»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.