13 желтоқсан күні аудандық балалар кітапханасында орта жастағы оқырмандармен «Елім менің! Сен мәңгі аңызсың» интелектуалды ойын өтті. Кітапханашы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы негізгі тарихи оқиғалары туралы айтып берді. Ойын 5 кезеңнен тұрды: төрт негізгі және бір қорытынды. Әр турда балалар өздерінің тапқырлықтары мен мүмкіндіктерін көрсетіп, құстар, өзендер, қалалар, жазушылар, ұлттық ойындар тақырыптарында білімдерін бекітті. Соңында қатысушылар «Болашақтағы менің отаным және мен» тақырыбында, олар біздің Қазақстанды қалай елестететінін, онда қандай жағдайда өмір сүргісі келетінін, біздің ауылымызды болашақта қалай көргісі келетінін айтты.