«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Туған өлке –тұнған тарих

   2020 жылы біздің Федоров ауылымызға 120 жыл толады.  Осы маңызды оқиғаға байланысты Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Туған өлке – тұнған тарих» тақырыбында өлкетанушылармен кездесу кешін өткізді. Іс-шара біздің кіші Отанымыздың тарихына және осында тұратын адамдарға арналды. Кездесуге шақырылған өлкетанушылар Валентина Иосифовна Романенко, Галина Николаевна Черная, ауыл шаруашылығы колледжінің оқушылары және ауыл тұрғындары болды.  Галина Николаевна мен Валентина Иосифовна ауылдың қалыптасуы кезеңдеріндегі әр уақыттағы болған өзгерістер мен қызықты оқиғалар жайында баяндап, ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы айтты. «Өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімі, жауапкершілік, өзінің шыққан түп тамырын есте сақтау – бұл адами құндылықтар әрқашан сізде, жас Федоров жастарында басым болуы тиіс!»- деп біздің қонақтар балаларға өз үндеулерін айтты.   Іс-шара «Үлкен қалалар» видеоролик көрсетілімімен толықтырылып, «Федоров ауданы: адамдар және оқиғалар» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.