6 ақпанда Федоров балалар кітапханасында орта жастағы балалармен шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фарабидың мерейтойына арналған «Екінші ұстаз» атты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларды ұлы ғалымның өмірі мен қызметімен таныстырды. Ғалымның белгілі қоржынында шамамен жүзден аса жұмыстары мен трактаттары бар: «Существо вопросов», «О смысле разума», «Трактат о сущности души». Әл-Фараби өмір бойы өз білімін жетілдірумен айналысты, көп оқыған, білімді тереңдетіп, толықтырған. Өз зерттеулерінде ол қоғамның маңызды мәселелерін қозғаған. Шара соңында кітапханашы балаларға еліміздің ұлы адамдары туралы еске алып, олардың мұрасын зерделеп, мәңгі есте сақтауға тілек білдірді.