27 ақпан күні Федоров балалар кітапханасында 1 сынып оқушыларымен «Ертегі әлеміне қош келдіңіздер!» атты оқырмандарға арнау өтті. Балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, оқу залымен және абонементпен танысты. Кітапханашы кіші жастағы балаларға арналған әдебиет бөлімімен таныстырды, ойын бөлмесі балаларға ерекше ұнады. Көптеген балаларды кітаптар мен журналдар қызықтырды, олар біздің кітапхананың оқырманы болуға тілек білдірді. Кітапхана өзінің жаңа оқырмандарын асыға күтеді!