ҚР Алғыс күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына Баннов ауылдық кітапханасында келушілермен «Ассамблея – бірлікке бастар жол» атты қарым – қатынас сағаты өткізілді. Кітапханашы қатысушыларға республикада тұратын ұлттар мен халықтар арасындағы ұлтаралық келісімді сақтау ісіндегі Ассамблеяның орны мен рөлі туралы айтып берді. «Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл» атты бейнероликті тамашалады.Еліміздің барлық азаматтарының айқын даралығына қарамастан, оларды бірінші кезекте Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттегі бейбітшілік пен келісімді сақтау біріктіреді. Тәуелсіз Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының маңыздылығы осында.