2020 жылдың 12 наурызында №2 ОМ «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын өткізу шеңберінде Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары жоғары сынып оқушыларына Мұхтар Әуезов пен Әнуар Әлімжановтың шығармашылығына арналған «Шығармашылық тағдырлар мұрасы» тақырыбында библиомикс өткізді. Балалар кітапханашылардың әңгімесін зейін қойып тыңдап, көрмеде ұсынылған әдебиеттерді қызығушылықпен қарады. Іс-шара патриоттық тәрбиеге, қазақ әдебиетін кеңінен танымал етуге, кітап оқуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал етті.