Абай Құнанбаев-ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ ұлттық жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай біздің бабамыз» атты ақпараттық сағат өткізді. Оқушыларға автордың өмірбаяны, шығармашылық және өмірлік жолы, оның әдеби және музыкалық мұрасы туралы айтылды. «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты тақырыптық видеоролик көрсетілді. Балаларға Абай шығармалары бойынша зияткерлік викторинаға қатысу ұнады.