2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға. Осыған орай Федоров аудандық орталық кітапханада «Қазақстан тәуелсіздігі – тұрақтылық пен гүлдену» тақырыбында кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде Тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін жас мемлекеттің даму кезеңдері туралы әдебиеттер мен материалдар ұсынылған. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасына ерекше көңіл бөлінді. Кітап көрмесі егеменді Қазақстанның тарихымен, оның сыртқы және ішкі саясатымен, еліміздің әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарына кіруіне бағытталған реформалардың дәйекті жүргізілуіне қызығушылық танытқан оқырмандардың кең ауқымына арналған.