«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына» орай аудандық балалар кітапханасы В контакте, Одноклассники және Инстаграмм әлеуметтік желілерінде «Мен Абайды оқимын» тақырыбында дауыстап оқу өткізді. Кітапханашылар 31 және 44 қара сөздерін оқыды. Оқу мақсаты - оқушылардың Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және тереңдетуге ықпал ету; өскелең ұрпақ үшін Абай шығармаларының маңызын көрсету; оқушылардың алған ақпаратты талдай білу, ауызша сөйлеуді дамыту, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, қорытынды жасай білу; Абай шығармаларына деген құрмет пен қызығушылықты тудыру, осы ұлы адам-біздің отандасымыз екенін мақтаныш ету, ақынның әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа шақыратын еңбектерімен таныстыру; ақынның, ағартушының идеяларын ашып көрсету. Абайдың көзқарастары қазақ халқының қызығушылықтарымен, адамгершілік идеалдарымен және даналығымен, қазақ зиялыларының шығармашылық жетістіктерімен, жалпы әлемдік жетістіктерімен үйлескен. Абай шығармашылығы-ағартушылықта, қайта құрушы еңбекте, адамның рухани дамуында көрген жаңа өмірдің символы. Абай шығармашылығы баға жетпес! Сілтемелер:
Инстаграмм: https://www.instagram.com/tv/CBzX8Yqjl0Z/?utm_source=ig_web_copy_link
ВКонтакте: https://vk.com/public176698742?w=wall-176698742_159
Одноклассники: https://ok.ru/video/1924410641109