…. "Барлық ересектер бір кездері бала болған, балалық шақ біреудің есінде қалса, біреуінің есінде жоқ". Сент-Экзюпери қысқа ғұмырында, мазмұны мен стиль жағынан өте ерекше, терең және философиялық маңызды бірқатар шығармаларды жазып үлгерді. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің туғанына 120 жыл толуына орай аудандық балалар кітапханасы Вконтакте, Одноклассники және Инстаграмм әлеуметтік желілерінде "Маленький принц" атты бейне презентация жариялады. Презентацияда Антуан де Сент-Экзюперидің өмір тарихы, "Маленький принц" мультфильмінен үзінді және ертегіден дәйексөздер ұсынылды. Өз шығармаларында ол ұшу, өз жұмысы, жолдастары, ұшатын және жұмыс істеген жерлері туралы және ең бастысы аспан туралы жазды. Ол көбіне достары мен жай ғана таныс адамдарын бейнеледі. Осы жылдар бойы ол бір ғана туындыны жазды- ол өзінің жеке өмірі жайлы. Оның өмірінде керемет оқиғалар мен сәйкестіктер орын алды. Оның ішкі жан дүниесі романтика мен философтың жан дүниесіне толы болды, ол таңғажайып заттар мен құбылыстар туралы, біз бәріміз өмір сүріп жатқан әлемді сақтау қажеттігі туралы толықтай түсінікті етіп жеткізе білді. Сілтемелер:
Инстаграмм: https://www.instagram.com/tv/CB4ha86jcwI/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
ВКонтакте: https://vk.com/public176698742?w=wall-176698742_161
Одноклассники: https://ok.ru/video/1927684229845