«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

Ананың аялы алақаны

  Қазақстанда аналар күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл біз үшін мәңгілік, мызғымас құндылықтарды бекітетін қасиетті мереке. Ана махаббаты бізге өмірмен бірге беріледі және біз оны өмір бойы алып жүреміз, ол бізді сынақ уақытында қорғайды деп сенеміз. 2020 жылдың 17 қыркүйегінде Аналар күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Ананың аялы алақаны» тақырыбында музыкалық бейне-коллаж шығарды, онда ананың бізді әрдайым жақсы көретін және күтетін жалғыз адам екендігі айтылады. Әлемде анадан артық ешкім жоқ. Ол бізге өмір сыйлайды, махаббат пен қамқорлықпен қоршайды, дүниелік даналықты үйретеді, үлкендерге деген құрметті, өзінің кіші Отанына, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2303931320918