Қыркүйек айының соңында Қазақстанда Еңбек күні аталып өтіледі. Біздің өмірімізге жақында енген бұл мереке басқалармен қатар құрметті және сүйікті болды. Дәл осы күні біз барлық еңбеккерлерге алғысымызды білдіріп, керемет адамдар туралы айтуға мүмкіндігіміз бар. 2020 жылдың 21 қыркүйегінде кітапханада осы күнге орай «Әр мамандық құрметке лайық» тақырыбындағы кітап көрмесіне онлайн бейне – шолу жасалды. Көрмеде ұсынылған басылымдар үлкен өмірлік тәжірибесі мен көпжылдық еңбек өтілі өскелең ұрпаққа үлгі болып табылатын, біздің облыстың танымал еңбеккер адамдарына арналған.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2312653900374