«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

 Қызықты адммен кездесу

   Біздің ауыл мен жергілікті жазушылардың тарихын оқу үлкен қызығушылық тудырады. Біз айналамызға бір сәт көз жүгіртіп қарасақ, біз қанша талантты, қызықты, шынайы адамдардың бізбен бірге өмір сүретінін көреміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және ауылдың 120 жылдығына арналған іс –шаралар тпотамасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік желілерде 27 қазанда Федоров аудандық балалар кітапханасы  әрі жерлесіміз қызықты адам - профессор, экономика ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы Сансызбай Мұхаметғалиұлы Жиентаевпен  кездесу ұйымдастырды. Сұхбатында Сансызбай Мұхаметғалиұлы орта мектепте оқыған балалық және жастық шақтары туралы естеліктерімен бөліседі. Димитров атындағы орта мектепті  үздік бітіреді. Ол өзінің алғашқы мұғалімі Н.Г. Мельник туралы, сондай-ақ Димитров атындағы мектептің бұрынғы директоры П.А. Блохина тәлімгері болғандығын және негізінен оның мамандығын таңдауға көп әсер еткендігін туралы жылы лебізін білдіреді. Профессор оның отбасы тәлімгер және үлгі болғанын еске алады. Олар оның  жеке тұлға және жалпы Қазақстан азаматы болып мінезінің қалыптасуына тікелей әсер еткен. Сансызбай Мұхаметғалиұлы ММУ-да, М.В. Ломоносов экономика факультетінде, ММУ аспирантурасында, Қостанай ауыл шаруашылығы институтында, Франциядағы Кембридж университетіндегі оқыған жылдары  туралы, еңбек қызметі жайында айтып берді. ММУ-да докторлық диссертацияны қорғауды оның өміріндегі үлкен жетістігінің бірі деп санайды. Бүгінде - ол өз ісінің шебері, өзінің білімі мен тәжірибесімен әрдайым бөлісуге дайын.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2388290964054