2020 жылдың 4 қарашасында «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ «Кітапханалардың жарнамалық қызметі. Қоғаммен байланыс» тақырыбында вебинар өткізді. Аудан кітапханашылары осы бағыт бойынша табысты жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Олар дәстүрлі түрде жергілікті ұйымдармен және мекемелермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасады, әлеуметтік желілерде өз іс-шараларын ұсынады, еріктілерді кітапханада жұмыс істеуге тартады, ауылдық мерекелерге қатысады және т. б. Осы жұмыстың арқасында жергілікті қоғамдастықтағы кітапханалардың рөлі артып, оқырмандарға көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарып, кітапханалар оң имиджге ие болып, жұмыста жаңа перспективалар пайда болады деген қорытынды жасалды.