«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Туған ауыл тарихының беттері

   «Туған ауыл тарихының беттері» атты аудандық байқаудың қорытындысы шығарылды. Сайыс «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ бастамасымен, ауданның ауылдық кітапханашылары арасында өткізілді. Оның басты мақсаты: аудан кітапханалары жұмысының өлкетану бағытын жандандыру, кітапхана қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру. Қазылар алқасының шешімі бойынша конкурс жүлдегерлері: Т.В. Раскевич Пешковка ауылдық кітапханасы – бірінші орын, екінші орын –Т.Ф Иванова Новошумный ауылдық кітапханасы иеленді. Үшінші орынды қазылар алқасы бірауыздан Первомай ауылдық кітапханасының кітапханашысы О.В. Сибекина мен Ленин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.А. Зубрий  иеленді деп шешм қабылдады.  Байқаудың қатысушылары Дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!