Бірінші болу, басқалардан оқ бойы озық тұру, алға қойған мақсатына жетпей қоймау – адам табиғатында бар нәрсе. Алайда, бұл тәккаппарлыққа, көре алмаушылыққа, қызғаншақтыққа ұласып, басқалармен жауласуға әкелмеуі керек. Бұл қасиеттер мемлекетті басқару, ұлт ауқымында және халықаралық аренада көшбасшылық ету үшін бірнші қажет. Тұңғыш Президент күніне орай «Instagram», «Вконтакте» және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде аудандық балалар кітапханасының мамандары «Тұңғыш Президент - дәуір адамы» тарихи экскурсиясын дайындады. Бейнероликте Елбасы басқармасының хронологиясы және оның тәуелсіз мемлекеттің дамуына қосқан баға жетпес үлесі көрсетілген.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2258461133525