«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

"Бір ел – бір кітап" акция шеңберінде және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханасы мектеп жанындағы орта жастағы интернат оқушыларымен Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери Бауыржан Момышұлына арналған "Ерлік ұрпаққа мұра" атты еске алу сағатын өткізді.

 2018 жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясында таңдалған үш кітап ішінде Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" атты кітабы кіреді. Іс-шара барысында балалар батырдың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Материалды бекіту мақсатында Б. Момышұлының өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Кітапханашылар қатысушыларды әскери қызметте жүріп жазған, көшпелі даланың қазақ этнографиясын баяндайтын  "Біздің отбасы" повестімен таныстырды. Өз кітабында ол отбасы, ауыр тұрмыс жайлы, әжесі, әкесі, әпкелері мен басқа да туыстары туралы, әр отбасы мүшесін жылулық әсермен  жазады. Соңында балаларға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет көрсетілген шағын брошюралар таратылды. Іс-шара  екі тілде өтті. 25 адам қатысты.