Таңғажайып дарынды адамдар бізбен бірге тұрады. 15 мамырда аудандық балалар кітапханасында жергілікті суретші Дончик Владимир Алексеевичтің «Федоров ауданы әкімдігінің балалар шығармашылығы мектебінің» МКҚК оқушылары мен ұстаздарымен «Өмір - бұл жұмыс» атты қызықты адаммен кездесу өтті. Бұл кездесуге жергілікті суретшінің кітапханадағы бір апта бойындағы қойылған картиналары қойылды. Владимир Алексеевич балаларға соғыс жылдары болған өзінің қиын балалық шағы туралы, алғашқы суреттері туралы, жетілген жылдарында жазылған суреттер туралы айтып берді, картиналар жазуға жаңа түстер мен реңктер жасауда өзінің тәжірибесімен бөлісті. Содан кейін оқушылар мен суретші арасында диалог өтті, оның барысында Владимир Алексеевич қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жас суретшілер өз жұмыстарын көрсетті және өз жұмысын бағалады. Жас талантты суретшілер «Художники», «Ростовые карандаши» байқауларында өз өнерлерін дәлелдеді. Бұл кездесу Владимир Алексеевич үшін де, жас суретшілер үшін де пайдалы болды. 22 адам қатысты.