Тоқтаусыз- дау -дамай
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 - жылдығын атап өтуде. 2021 жылғы 22 ақпанда Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері ZOOM бағдарламасында «Патриот болу- бұл жүректегі Қазақстанмен өмір сүру» тақырыбында тоқтаусыз- дау –дамай полемикасын өткізді. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Резник Артем Сергеевич, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Бекмухамбетова Инна Александровна, М.Маметова ат. №4 орта мектеп қызметкерлері, ауыл жастары қатысты. Қатысушылар «патриотизм» және «патриот» ұғымдары, ауданда жастар арасында патриоттық тәрбие беру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы өз пікірлерін білдірді.