Кітап көрмесі
Федоров аудандық орталық кітапханасында тұрақты жұмыс жүргізілетін «Күндер мен оқиғалар күнтізбесі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде қызметкерлер елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан айтулы оқиғалар, танымал адамдардың мерейтойлары туралы баяндайтын ақпараттық материал орналастырады. Наурыз айында кітап көрмесі біздің танымал жерлестеріміз-қостанайлық жазушы-аудармашылар Серік Тұрғынбеков пен Әбдірахман Досов, жазушы Генрих Манн туралы баяндайды; 24 наурыз күні бүкіл әлемде туберкулезбен күрес күні атап өтілетінін де еске салды.